Қазіргі таңда ерекше балаға тәрбие беру, онымен жұмыс барысында ата-ана міндетті түрде психолог, дефектолог, логопедтерге жүгінеді. 2023 жылғы мәліметтерге сүйенсек, елімізде 190 мың бала ерекше білімді қажет етеді. Алайда мектепке, емдік шараларға бармас алдын балаға үй жағдайында ата-ана арнайы жаттығулар жасатып, танымын өсіре білуі тиіс. Осы жағдайды ескере отырып, клиникалық балалар психологы, дефектолог, реабилитолог, жақында ғана ерекше балаларға арналған арнайы әдістемелік кітабын шығарған білікті маман Қаламқас Асқарқызымен сұхбаттастық.

  1. Ерекше балалар ауруының көбею себебі неден деп ойлайсыз?

Біріншіден, қазір көп дәрігер невропотологтардың өзі баланы ата-ана консультацияға алып келген кезде баланың дұрыс емес тәртібіне, өзін ұстауына қарап бірден «Аутизм» диагнозын қойып береді. Ал негізінде бұл олай емес. 100% аутизм деп қойып берген диагнозының 10%-ы ғана аутизм болып саналады. Қалған 90%-ы инфекциялық, бактериялық, вирусты аурулар. Диагнозы дұрыс қойылмай, ерекше балалар тізіміне кіріп жатады. Егер бала туылғаннан кейін аутизммен ауыратына ата-ана күдіктенсе, ең алдымен балада инфекция, паразиттер бар-жоғын толық тексерістен өткізіп алу қажет. Мысалы қанының құрамында Цитомегаловирус болатын болса, баланың миына зақым береді. Олар балаға әртүрлі жолмен беріледі. Анадан балаға берілуі де мүмкін. Сол себеп ерлі зайыптылар ата-ана болар алдын толықтай вирустары мен инфекцияларын емдеп алулары қажет.

  1. Авторлық логопедке дейінгі жұмыс кітаптарыңыздың ерекшелігі қандай?

Қазақстандағы қазақ тілінде дефектология саласы бойынша, яғни баланың ой танымын, өзінің атын білмейтін баланың ойын дамыту, анасының анасы екенін, анасының атын үйрететін, баланың қоғамда тұлға екенін үйрететін сала-дефектология саласы. Мұндай кітап Қазақста мүлдем болмаған. Тіпті көрші Ресей елінде осы бағламамен жасалынған кітаптар жоқ. Сондықтан бұл кітапты мен ерекше балалардың аналарына көмек ретінде жасадым. Кейде баланы күнде дефектологқа, логопедке таси беретін ата-ананың жағдайы болмауы мүмкін. Сол себептен бұл ерекше балалардың ата-аналарына дайын әдістемелік құрал. Кітапта ата-ана баламен қалай тікелей жұмыс жасауға болады, баланың ерекше болуының түпкі себебі қайдан шығады, алдымен баланы кімге қарату керектігі барлығы кітапта бар. Ішінде ата-анаға арналған арнайы тексттер де, одан бөлек көрнекіліктер, ойын дамытатын методикалар, ертегі терапиясы, дамыту ойындары бар.

  1. Кітап қандай бөлімдерден тұрады?

Кітап 10 бөлімнен тұрады, яғни 10 кітап, 10 түрлі методика. Мысалы, бірінші кітабымыз «Еліктеу, ажырату, көрсету картасы». Бұл баланың ең бірінші еліктеуімен жұмыс істеуіне арналған. Бала егер ата-анасының ісін, сөзін қайталап еліктей алмаса, балада ауытқу бар деген сөз. Кітапта ата-анаға еліктеудің картасын, онымен қалай жұмыс істеу керектігін толығымен түсіндірілген. Үй жағдайында ата-ана баламен қалай жұмыс жасау керек, баланың үй жағдайында түсінігін арттыру бойынша да жұмыс жасау тәсілдері көрсетілген. Сонымен қатар, баланың ірі және ұсақ моторикасын жайлы үшінші кітапта жазылған. Ол баланың ойын дамытуда қандай ойындар ойнату керектігі кітапта көрсетілген. Төртінші – кітапта «сұрыптау картасы» дайындалған. Балаға түстерді, пішіндерді, жануарлар әлемін, өсімдіктер әлемін толық сұраптап үйретеміз. Бесінші кітапта – «нейрокоррекция» жайлы қамтылған. Нейрокррекция дегеніміз – баланың ой-танымын дамытуға арналған ойындар. Миының екі жарты шарын бірдей қимылдатуға арналған. Егер нейрокоррекцияның ішіндегі барлық жаттығуды істей алған бала тезірек сөйлейді және ойлау қабілеті мықты болады, есте сақтау қабілеті де жақсы болады. Алтыншы кітапта –  санатқа бөлінуді үйретеді. Транспорттар, жеміс-жидектер, көкөністер, су жануарлары, жәндіктер, дала құстары секілді арнайы санаттарды бөліп үйренуге арналған. Жетінші кітабымыз – «Логоритмика, сөйлеу, музыка қимыл» деп аталады. Ой-танымы, зейіні тұрақты емес бала- өзінің денесін басқара алмайды. Қарапайым жаттығу да жасай алмайды. Бұл кітапты балаға өлеңді айтып тұрып іс-қимылмен баланы үйретуге бағытталған. Жаттығулар бала назарын аударуға арналады. Сегізінші кітабымыз – «Ертегі терапиясы» деп аталады. Ертегілер арнайы суреттермен берілгендіктен, ана балаға көрсетіп, айтып отыратын болса, баланы көрнекілік, суреттер арқылы ертегіні түсінуге, тыңдауға қызықтырады. Тоғызыншы кітапта – логика, қорытынды жаттығулары қамтылған. Бала осы уақытқа дейін не өткенін толық қайталайды. Бұл жерде балаға логикалық, ойланатын, қиынырақ жаттығулар көрсетілген. Егер ана баласын ерте дамытқысы келсе, осы кітаппен жұмыс істесе болады. Оныншы кітап – «Логопедке дайындау» деп аталады. Артикуляциялық, денсаулық жаттығуларын үйрету арқылы баланы логопедке дайындайды. Осы 10 кітапты толық меңгерген балада ешқандай ауытқулар болмай, қабылдау қасиеттері бірқалыпты болады.

  1. Бұл кітаппен ата-аналар қалай жұмыс жасайды, қалай қолдана алады?

Кітапта барлық түсіндірмелер бар, барлығы көрсетіліп жазылған. Арнайы суреттермен, нұсқаулықтарын, тесттерін қолдана алады, қарапайым қазақ тілде түсіндірілген.

  1. Кітапты ары қарай үлкен жобаларға ұластыру ойыңызда бар ма?

Әрине, кітапты ары қарай үлкен жобаға ұластыру ойымда бар. Қазақ тілінде тағы да арнайы дамыту кітаптарын, медикаларын, жұмыс дәптерлерін елге ұсынғым келеді.

Құралай Райымқұл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You May Also Like

Алматыда TRADEX халықаралық форумы өтті

 Алматыда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының қолдауымен сауда саласындағы…

Эмоционалды интеллектті дамыту: бұл не және оны қалай жақсартуға болады

Қазіргі әлемде эмоционалды интеллект адамдарға басқалармен сәтті қарым-қатынас жасауға, қақтығыстарды шешуге және…

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Өңірлік кеңестің келісімі бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен Алматы қаласының…

Әлеуметтік медиа және технология: қоғамға әсері

Қазіргі әлемде әлеуметтік медиа әр адамның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Олар достарыңызбен…