Өңірлік кеңестің келісімі бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасына Нұрсұлтан Шоқанов төраға болып тағайындалды.

Нұрсұлтан Шоқанов 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.  KIMEP  университетін «Қаржы» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2018 жылы IMD Халықаралық басқарушылық даму институтында (Швейцария) жетекшілерге арналған (EMBA) магистр дәрежесін алды. 

Нұрсұлтан Шоқанов бизнес саласында 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Мұнай-газ саласындағы аудитке маманданған Ernst&Young халықаралық аудиторлық компаниясында жұмыс тәжірибесі бар.

 Нұрсұлтан Шоқанов қазіргі кезде ALATEX салааралық қауымдастықтың президенті, жеңіл өнеркәсіп, қоғамдық тамақтану және сауда саласындағы бірқатар кәсіпорынның тең құрылтайшысы.

 Елдің қоғамдық-саяси өмірінде белсенді позицияға ие. Алматы қаласы мәслихатының VІІ және VІІІ шақырылымдарының депутаты, сондай-ақ құрылыс, сәулет, урбанистика және жер қатынастары жөніндегі мәслихат комиссиясының төрағасы.

 


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

You May Also Like

Алматыда TRADEX халықаралық форумы өтті

 Алматыда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның сыртқы сауда палатасының қолдауымен сауда саласындағы…

Эмоционалды интеллектті дамыту: бұл не және оны қалай жақсартуға болады

Қазіргі әлемде эмоционалды интеллект адамдарға басқалармен сәтті қарым-қатынас жасауға, қақтығыстарды шешуге және…

Әлеуметтік медиа және технология: қоғамға әсері

Қазіргі әлемде әлеуметтік медиа әр адамның өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Олар достарыңызбен…

Big Data және аналитика: мүмкіндіктер, мәселелер және перспективалар

Қазіргі әлемде әр секунд сайын үлкен көлемдегі деректер пайда болады және бұл…