Қазақстанда аутист балалармен жұмыс істеуге арналған NAO роботы дайындалуда. Sputnik.kz мәлімдеуінше, робот өте интерактивті, балалардың қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Адамдармен көз контактісін орнатуға қабілетті.
«Аутизммен ауыратын балалардың сабақ кезінде көңілдері қатты ауытқиды. Ал мұндай құрылғылар болмаса, мамандарға ерекше оқытуды қажет ететін балалармен жұмыс істеу қиынырақ. Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, біз роботтардың арқасында терапияның әлдеқайда тиімді екенін түсіндік», – дейді Novators негізін қалаушы Анара Сандығұлова.
Роботтар өздерінің әлеуметтік дағдыларымен және вербалды және вербалды емес әрекеттерімен интерактивті оқыту үшін жасалған ыңғайлы жасанды интеллект.
«Біз соңғы алты жыл бойы зерттеу жүргізіп келеміз және бұл тиімді нәтиже беретініне сенімдіміз. Робот бағдарламасы патенттелген. Біз аутизмге шалдыққан балалардың әлеуметтік-танымдық дағдыларын дамыту үшін оқу бағдарламасын жасадық. Робот баланың сабаққа қатысуын бақылайды және олардың дамуы туралы жеке ақпарат бере алады», – деп атап өтті Анара Сандығұлова.
Сонымен қатар, роботтарда ата-ана баланың қай мәселесіне басты назар аудауы керектігіне арналған статистикасы да бар.
«Аутизмі бар балалардың ата-аналары үшін баланың даму динамикасын көру маңызды. Оларда барлық әлеуметтік және когнитивтік дағдылардың статистикасы бар. Осылайша, робот баланың күшті жақтарын түсінеді және қандай дағдыларды дамыту керек екенін нақтылайды», – деп атап өтті Анара Сандығұлова.
Роботтық терапия техникасын 2018–2019 жылдары Республикалық балаларды оңалту орталығының базасында Назарбаев Университетінің HRI зертханасы (Адам және робот зертханасы) ғылыми тобы сынады. Бұл әдіс Шымкент, Талдықорған, Павлодар және Өскемендегі төрт орталықта енгізілген. Одан бөлек, тағы 18 орталықпен келісім бар.