«Rise Challenge 2024» – 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған жобалар байқауы. Егер сіз ғылымға, инновацияға, технологияға, спортқа, өнерге, саясатқа, волонтерлік қызметке немесе басқа салаға қызығатын, жоба идеясы бар кез келген адам Rise Challenge 2024-ке қатыса алады. Ал жеңімпаздарға:
- Университетте оқуға қаржылық қолдау көрсету,
- Толығымен қаржыландырылатын жазғы бағдарламаға қатысу,
- Тәлімгерлік және т.б. мүмкіндіктер қарастырылған.
«Rise Challenge 2024» әр жыл сайын ұйымдастырылады. Оған әлемнің кез келген жерінен жасөспірімдер қатыса алады. Жыл сайын олар 170-тен астам елдің таланттарын біріктіреді.
Өтініш берген әрбір адам әлемдік көшбасшылар қауымдастығына қосылып, тегін онлайн курстарға қол жеткізе алады.
Финалистер біліктілігін арттыру және желілерін кеңейту үшін Rise сыйлығы ретінде білім беру және көшбасшылық курстарына қатысады.
Жобаға өтінімдерді қабылдау қыркүйек айынан басталды, ал қабылдау мерзімі 2024 жылдың 17 қаңтарына дейін жалғасады. Қатысу құны – тегін! Ал форматы – онлайн.
Ережелері: Қатысушылар 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін 15-17 жас аралығында болуы керек.